Павлодарда қаржы пирамидалары екі жарым есе көбейген. Өкінішке қарай, алаяқтардың арбауына түсіп қалатындар азаймай тұр. Биыл жыл басынан 4 бірдей заңсыз қаржылық ұйым құрылған. Өңірдің Экономикалық тергеп тексеру департаменті алаяқтардың жолын кесті. Ал ашылғанына 4 ай ғана болған қаржы пирамидасы 40-тан астам адамды алдап үлгерген. Ал Екібастұзда қаржылық пирамидаға қатысы бір топ алаяқ 6 жылға сотталды.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қаз холдинг» деген компания бірлескен топ. 18 мың шарт белгіленіп 5 мың адамен 7,6 млрд теңге суммасында ақша салынған. Олар барлығы анықталынып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол іс сотқа жолданды. Күдіктілердің 1,4 млрд теңге жеке мүлкі сотпен тыйым салынды.