Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарты жылда елге 6,9 миллионнан аса турист келді

Жарты жылда елге 6,9 миллионнан аса турист келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Басым бөлігі Алматыға барыпты. 523 мың адам. Ал Астанаға 400 мыңға жуық турист келген. Алматы облысына барғандар саны 201 мың болса, Ақмолада 185 мың, Маңғыстауда 139 мың саяхатшы демалды. Сондай-ақ 134 мың азамат Шығыс Қазақстанның, 153 мыңы Шымкент қаласының табиғатын тамашалаған.