Русский Сайттың толық нұсқасы

Ы. Алтынсарин ауылындағы мектепте инклюзия кабинеті ашылды

Ыбырай Алтынсарин ауылындағы мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды. Онда ерекше қажеттілігі бар балалар білім алады. Шара "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында жүзеге асты. Игі бастама Целиноград ауданының бірнеше ауылында қолға алынуда. 

АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

“AMANAT” партиясының қолдауымен, сонымен қатар “ANSA”, “Esen Foundation” және “Самұрық Қазынаның” қолдауымен бүгін осы Целиноград ауданында “Baquatty audan” жобасы аясында арнайы инклюзия кабинеттері ашылып жатыр жергілікті мектепте. Бұл жерде білім алу тегін негізде.

Оқу кабинеті инклюзивті білім беруге қажетті құрал-жабдық, жиһаздармен қамтылған. Жаңа орында 15 оқушы білім алмақ. Балаларын ауылдан қалаға тасып жүрген ата-аналар "тынысымыз ашылатын болды" дейді. 

САЛТАНАТ ҚАЛДЫБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Осыған дейін біз Астана қаласында балаларымызды ақылы түрде, ақылы кабинеттерге, ақылы орталықтарға апарып жүр едік. Енді міне, біздің өзіміздің ауылымызда осындай кабинеттің ашылып жатқанына өте қуаныштымыз.