Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгереді

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2017
  • 2267

Астанада қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгереді. Бұл жолдағы кептелістен құтылу үшін қолға алынып отырған шара. Шаһар әкімдігі тығырықтан шығудың осындай жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун айтты. Таңғы сағат 8 бен 9 арасында сол жағалауда көлік қозғалысы қиындайтыны жасырын емес. Сондықтан Министрліктер үйі алдында айналма немесе жер асты жолын салу мәселесі де  қаралып жатқан көрінеді. Мұнан бөлек 29 мамырдан бастап шаһардағы автотұрақтарда 400 орын ақылы түрде қызмет көрсетуге көшеді. Ал қазан айында олардың саны 9 мыңға жетеді деп жоспарланған. 

Сергей Хорошун, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Біз шамамен екі-үш аптаның ішінде қаланың барлық тұрғындарына бірдей жұмыс кестесіне өзгеріс енгіземіз. Сағат 9-да барлығы бірдей жолға шықпау үшін, жүктемені азайтамыз.

Астаналықтардың жұмыс күні сағат қаншада басталатыны әзірге белгісіз. Әкімдіктің баспасөз қызметі бұған қатысты қандай да бір нақты ақпарат жоқ деді. Ал сенаторлар Үкімет сағатына келген бас полицейден жол полицейлеріне ала таяқтарын қайтып беруді өтінді.

Еске салсақ, биылғы қаңтардан бастап жолдағы сақшылар алатаяқ қолданбайтан болған. Министрдің айтуынша, бұл еуропалық стандартқа сай енгізілген өзгеріс. Оның орнына жарыққа әсерлі күртешелер енгізілген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ