Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Президентті Ұлан-Батыр халықаралық әуежайында елдің Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.