Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында мұғалімдерден негізсіз жиналған қаражат кері қайтарылуда

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2017
  • 3356

Қызылорда облысында мұғалімдерден медициналық тексеру үшін заңсыз жиналған қаражат кері қайтарылуда. Прокуратура тексеру барысында денсаулық сақтау заңнамаларының бұзылғанын анықтаған.

Жаңақорған ауданындағы мұғалімдер ақылы медициналық тексеруге берген қаржыларын қайтып алды. Солардың бірі Жадыра Пошаева бізге телефон арқылы берген сұхбатында бұл әсіресе ауыл мұғалімдеріне қиынға соғатынын жеткізді.

Жадыра Пошаева, Жаңақорған ауданы № 110 мектептің мұғалімі:

Мен өзім алты мыңдай қаражатымды қайтарып алдым. Алты мың тенге деген біздер үшін, мұғалімдер үшін, өте үлкен қаржы. Қарапайым мұғалімдерге бұл үлкен көмек деп ойлаймын

Прокурорлардың сөзінше, мұғалімдерді емханалар ақылы медициналық тексерістен өтуге мәжбүрлеген. Қазір заңсыз жиналған 6 мыңнан 20 мыңға дейін аралықтағы қаражат кері қайтарылып жатыр. Заң талаптарына сәйкес, мектеп, колледж бен жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері оқу жылының басында терапевт дәрігердің қарауынан және флюорографиялық зерттеуден ғана өтуі тиіс.