Русский Сайттың толық нұсқасы

«Күтушің болады, дәмханадан таңғы, түскі, кешкі ас ішесің»: блогер тоқал болудың құпиясын ашты

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2024
  • 164

Instagram желісінде ментор, жетекші деген мамандығы бар Динара Абдоллақызы тоқал болғысы келетінін, оның артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Алматыда біреудің көңілдесі, тоқалы болу қалыпты жағдай екенін ерекше айтып өтті.

«Менің тоқал болғым келеді. Неге десеңіз жауапкершілігі аздау. Егер заңды некелессең сәлем саласың, таңда ерте тұрасың, таңғы ас істеп, енең мен күйеуіңнің жағдайын жасап жүресің. Маған ол мүлдем ұнамайды. Өз-өзімді жақсы көргенім соншалық, ұйқымды қандырып тұрамын. Ал тоқал болсаң сенің күтушің болады. Таңғы, түскі, кешкі астың барлығын дәмханадан ішесің. Бірақ тоқал болуыма анам қарсы. Онымен жеке қалғанда сұрап едім бірден қарсылығын білдірді. Бірден ұрсып тастады. Біз Қызылордадан болғаннан кейін ондайға қатты қараймыз. Ал Алматыда біредің көңілдесі, тоқалы болу қалыпты жағдай», — деді ол.