Оралда орманнан өлі табылған әйелдің туыстары табылды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, 31 шілде күні мәйіті табылған марқұмның жақындары үш айға жуық уақыттан кейін анықталған. Әйелдің жасы шамамен 30-40-та, денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
«29 қазан күні әйелдің туыстары белгілі болды. Олар марқұмды таныды. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - делінген хабарламада.