Русский Сайттың толық нұсқасы

Экономист АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі туралы болжамын айтты

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2024
  • 139

Әлемдегі «болжамы ең дәл экономист» деп есептелетін Кристоф Барро АҚШ-тағы президент сайлауының үш ықтимал нәтижесін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Rambler.Ru-ге сілтеме жасап.

Барроның болжауынша, бірінші сценарий бойынша АҚШ Конгресінің таңдауы екіге бөлініп, Демократиялық партияның кандидаты Камала Харрис жеңіске жетеді. Бұл жағдайда Америка Құрама Штаттары үшін экономикалық тұрғыда көп өзгеріс болмайтын көрінеді.

Екінші сценарийге сәйкес экономист бұрынғы президент Дональд Трамптың жеңетінін айтып отыр. Бірақ, бұл жағдайда да конгресс екіге жарылуы әбден мүмкін. Бұл Трамптың корпорациялар мен үй шаруашылықтарына салықты азайтамын деген уәдесін орындауға кедергі келтіреді.

 Үшінші сценарий - республикашылдардың қолдауымен Трамптың жеңісі. Барроның пікірінше, бұл ең ықтимал нәтиже.

Бұл сценарий орындалса Республикашылдар партиясы АҚШ Сенатында көпшілік орынға ие болады. Барроның айтуынша Трамп өзінің сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады, алайда, бұл оны сыртқы саясатқа емес, елдегі ішкі жағдайды реттеуге көбірек көңіл бөлуге мәжбүр етуі мүмкін.

Экономисттің пайымдауынша, бұл қысқа мерзімді перспективада АҚШ-тың экономикалық өсіміне оң әсерін тигізіп, 2025 жылы ЖІӨ 2,1-2,3 пайызға артады.

Кристоф Барроның болжамдары сайлау нәтижелерін, Конгресс бақылауын және экономикалық салдарды ескере отырып жасалады. Барроның әдістемесі нақты болжамдар жасау үшін экономикалық деректерді, бэктесттерді және нарықтық зерттеулерді пайдаланады.