Испанияның Валенсия провинциясында толассыз жауыннан кем дегенде 50 адам құрбан болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауын салдары су тасқынына ұласып, теміржолдар жабылып, әуе рейстері тоқтатылды.
ТАСС мәліметінше, зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал оған әскерилер тартылған.