Русский Сайттың толық нұсқасы

16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2024
  • 175

Жас жігітті Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері қылмыс үстінде ұстады, - деп жазды KAZINFORM

Кәмелет жасқа толмаған күдікті заңға қайшы «жұмысты» интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.

Күдікті жігіттен өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

«Полициямен есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау жайты бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауда. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.