ҚазАвтоЖол республикалық авто жолдардағы жол қозғалысына қатысты ахуалды жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысындағы республикалық маңызға ие "Қостанай-Әуликөл-Сұраған" тас жолының 8-216 шақырымы (Тобыл – Октябрьское кенті участігі) және "Екатеринбург – Алматы" автожолының 463-539 шақырымы (Щербакова селосы – Сарыкөл кенті) аралықтарында көліктердің жүруіне тыйым салынды. Шектеу барлық көлік түрлеріне қойылды.