Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы үздіксіз жалғасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған жобаға тараздықтар қызу қолдау білдіріп келеді. Акция аясында облыс орталығындағы саябақтарда күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға 50ге жуық белсенді ерікті атсалысты. Жалпы, осыған дейін акцияға 500 мыңнан аса жамбылдық жұмылған жұдырықтай белсенді атсалысқан. 12 мың тонна қалдық шығарылды. Тазалық жұмыстарына мыңға жуық техника тартылған.
ДАРХАН БАЙПАҚ, ЕРІКТІ:
Қаламыздың белсенді жастары,волонтерлері бүгін "Таза Қазақстан-таза қала" акциясын жүргізіп жатыр. Бұл мұнымен тоқтамаймыз тазалық жұмыстарын апта сайын,осы жылы бітсе, келесі жылы әрі қарай жалғасын табатын болады. Мен осыған бүкіл қала тұрғындарын тазалық акциясына тазалық жұмыстарына ат салысқанын қалаймын. Және де барлығымыз бірге қаламыздың көркеюіне,таза болуына өз үлесімізді қосайық дегім келеді.