Алматыда қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жаңа өндірісті іске қосу туралы Мемлекет басшысы Жолдауда айтып, тапсырма берген еді. Kazakhstan Mobility Engineering - Алматының индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 100 мың шаршы метр аумақта автокөлік бөлшектерін шығаратын ірі технопарктің құрамына кіреді. Жоба өндірісті локализациялауға және қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған. Кластер аумағында 90-нан астам маман жұмыс істейді.