Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды

Алматыда қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жаңа өндірісті іске қосу туралы Мемлекет басшысы Жолдауда айтып, тапсырма берген еді. Kazakhstan Mobility Engineering - Алматының индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 100 мың шаршы метр аумақта автокөлік бөлшектерін шығаратын ірі технопарктің құрамына кіреді. Жоба өндірісті локализациялауға және қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған. Кластер аумағында 90-нан астам маман жұмыс істейді.