«АМАNАТ» партиясының игі бастамасы көптеген түйткілдің түйінін тарқатып жатыр. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қостанай облысында талай адам қаржылық сауатын арттырып, өз ісін ашып отыр. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам адам арнайы оқу курсына қатысқан. Тағы 1500 аймақ тұрғынын оқыту жоспарланып отыр. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мамандар қаржы сауаттылығы мен қатар заң тұрғысынан кеңес беріп келеді. Әр топқа 50 адам жазылса,соның тең жартысы тегін кеңес алады екен.Ал кәсібін ашқысы келгендерге бизнес жоспар құруға көмектеседі. Осы уақытқа дейін бірнеше жоба грантқа ие болған.
ТИМУР АҒЫТАЕВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Облыста барлық аудандарда сабақ өткізіліп жатыр.Және де сабақ барысында біз тек ғана қаржылық сауаттылық емес, одан басқа кеңестер де жүргізіледі.Мысалы қарызы көбейіп кеткен адамдар болса немесе несиесін жаба алмай жүрген адамдарға біздің жобамызда заңгер жұмыс істейді.Оларға сотқа талап арыз жазу керек болса, хаттама толтыру керек болса сол жағынан көмектеседі.