Витамин түрінде жасырылған дәрілер АҚШ пен Еуропаға жіберілген. Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін анаболиктер, стероидтерді тасымалдаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжай табылды. Тінту кезінде 206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар тәркіленді.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.