33 жастағы ер адамды туыстары ес-түссіз жатқан үйінде еденде жатқан жерінен тауып алған. Себебін ешкім түсіне алмаған. Келген жедел жәрдем оны №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, науқасты бірден реанимациялық бригада алып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ер адам 1-2 дәрежелі кома жағдайында болған және тітіркендіретін заттарға есін жимаған. Қажет түрлі талдаулар алынды, оның ағзасында есірткі заттарының бар-жоғы анықталды.
"Тәулік бойы реанимациялық, қарқынды терапия, дезинтоксикациялық терапия, түзету, қабынуға қарсы терапия жүргізілді. Жасалған токсикологиялық талдаулар қорытындысы шықты: ағза химиялық және есірткілік заттармен уланбағаны анықталды. Таңертең пациент өзіне келді. "Қандай да бір химиялық немесе есірткі препараттарын қабылдадың ба" деген сұраққа пациент, саналы түрде жоқ деп жауап берді. Оқиға алдында ол компьютер алдында отырып, құрамында сүйектері бар, қолдың шие шарабын ішкені анықталды. Ал шие дәнегі көгерткіш қышқылын бөледі", – деді №7 қалалық клиникалық аурухананың реаниматолог дәрігері Клара Жармағамбетова.
Дәрігерлер шие дәнегінің құрамындағы гликозид амигдалин асқазан сөлінің әсерінен асқазанға түскенде күшті у – циан қышқылының пайда болуына әкелуі мүмкін екенін ескертті.
"Бұл жағдайда пациент көгерткіш қышқылдың үлкен дозасымен уланған. Комаға түсуінің басты себебі – сол. Туыстары оның үйіне дер кезінде барып, уақытылы ауруханаға жеткізгені үлкен бақыт болды. Ол көп бейінді аурухананың реанимация бөлімшесіне түсіп, оған жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Ресми деректер бойынша, көгерткіш қышқылымен улану оқиғаларының 78% жағдайы өліммен аяқталады. Жас жігіт әлеуметтік желі арқылы біздің клиникаға, барлық дәрігерге, мейірбикелерге, санитарларға алғысын білдірді. Өйткені ол шынымен де өмір сүруге екінші мүмкіндік алды", – деді дәрігер.