Русский Сайттың толық нұсқасы

Әбілязовтің мұнай-газ жабдығына қатысты қулығы әшкереленді

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2017
  • 2959

Мұхтар Әбілязовтың қулық-сұмдығы жарияланды. БТА банктің 8,6 миллиард теңгесін қалтасына басты деп айыпталған экс-банкир оны мұнай-газ қондырғыларын сатып алу үшін деген сылтаумен «Проперти Аквизишн» ЖШС-не заңсыз жолмен миллиардтаған теңгенің несиесін берген. Мемлекеттік айыптаушы осындай мәлімет келтірген.

Бұл туралы Казинформ агенттігі хабар таратты. Алайда кейін аталған серіктестіктің банк ақшасын жымқыру үшін құрылған бір күндік компания екені анықталған. Сондай-ақ несие беретін кезде банктің барлық бекітілген нормалары бұзылған. Тергеу мәліметінше, аталған жабдық сол күйі сатып алынбаған. Ал оны сатып алуға бөлінген қомақты қаражат Мұхтар Әбілязовтің латвиялық банктегі шотына түседі. Ұрланған ақша оның жеке басының қажеттіліктеріне жұмсалған. Бүгінге дейін 8,6 миллиардқа жуық несие банкке қайтарылмаған. Бүгін Әбілязовтың соты қайта жалғасты. Бірақ бұл жолы сот отырысында аталмыш компанияға қатысты мәліметтер айтылмады.

Айгүл ЕРМАХАН