Қарағандыда Гоголь көшесінде болған төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жол апаты 31 қазанда сағат 12:08-де болған. Екі Hyundai, Lexus және Toyota көліктері соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.
“Апат салдарынан Hyundai автокөлігінің 22 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция өкілі.