Русский Сайттың толық нұсқасы

Аудан әкімі алматылық әйелді ұрлық жасады деп айыптады

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 241

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин людмила Сеңгірбаева есімді азаматшаны өз әмиянын ұрлады деп айыптаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғынның айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин оны өз әмиянын ұрлады деп айыптап, үстінен полицияға арыз жазған.

Людмила Сеңгірбаева 31 қазан күні таңертең полиция бөліміне шақырылған. Сол жерде ол аудан әкімінің оның үстінен арыз жазғанын білген. Әйел бөтеннің мүлкін алмағанын және оны бақылау камераларының бейнежазбалары арқылы дәлелдеуге болатынын айтады.

Оралдық дәрігер сот арқылы әкімдіктен пәтер алды

Алматы полиция департаменті деректі растады.

"Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне қала тұрғындарының бірінен бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша арыз түсті. Тергеу және мән-жайды анықтау аясында полиция бөліміне жергілікті тұрғын шақырылды", – деп хабарлады ведомстводан.