Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында жаттықтырушы 6 миллионға жуық ақшаны қалтасына басқан

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 73

Қостанай облысында жаттықтырушы бюджет қаражатын жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қазанда Қостанай облысының прокуратурасымен бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді.

Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебі КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды.