Русский Сайттың толық нұсқасы

Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 159-ға жетті

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 120

Испанияда алапат тасқыннан көз жұмғандар саны 159 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған TheWashington Post басылымы хабарлады.

Құрбандардың көбі Пайпорта қаласының тұрғындары. Онда 62 адам ажал құшқан. Қаладағы өзен тасып, жағдайды одан сайын ушықтырды. Испан үкіметі: «Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетеміз», - деп мәлімдеген. Бірақ аталған Пайпорта қаласына жәрдем әлі жеткен жоқ. Мамандар: «бұл – Еуропа тарихындағы ең жойқын су тасқыны», - деп отыр. Испанияда жүрген қазақстандықтар: «қазір күн райы жақсарды», - дейді.

Дүйсенбіден күн бұзыла бастады. Ертеңінде сабақтарды тоқтатты. «Бізге қауіп-қатердің үшінші деңгейі төніп тұр», - деді. Сол күні «кешкі сағат 8-де жолға шықпаңдар», деп ескертті. Су сатып алу қиындап кеткен. Билік қазір көмектесіп жатыр. Құтқару операциясы да жүріп жатыр. Испания патшасы көңіл айтты. Қазір күн райы жақсарды. Бірақ бізге: «Әлі үйден шықпаңдар» деп жатыр, дейді Валенсия тұрғыны Аяла Жұмабай.