Теміртау қаласының Полиция басқармасы өз итіне қатыгездік жасаған 46 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бесінші қабаттың терезесінен аулаға құлаған ит жарақат алып, жүре алмай қалған. Оқиғаны көзімен көрген ауладағы куәгерлер полиция шақырған. Полиция итті ветеринарлық емханаға алып кеткен.
Итті лақтырған азамат мас болған. Ол істеген ісін мойындады.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.