Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық және сингапурлық инвесторлар бірегей жоба іске асырмақ

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2024
  • 197

Отандық және сингапурлық инвесторлар бірегей жобаны қаржыландырады. Ол – Ақтөбе облысындағы цемент зауыты. Кәсіпорын жылына 2 млн тонна өнім шығарып, 500 астам адамды жұмыспен қамтымақ. Өңір басшысы Асхат Шахаровтың айтуынша, зауыт – облыстағы ғана емес, бүкіл Батыс аймақтағы цемент шығаратын ең ірі өндіріс ошағы болады. Зауыт барлық экологиялық стандарттарға сай салынып, ешқандай зиянды қалдық шығармайды деп жоспарлануда. Келер жылдың көктемінде кәсіпорын құрылысы басталып, 2026 жылы пайдалануға берілмек.