Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл әр қазақстандық орта есеппен 40 келіден артық ет жеген

Ет тісіңізге кіріп жүрме, әлде түсіңізге ме? Биыл әр қазақстандық орта есеппен 40 келіден артық ет өнімін тұтынған. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Өткен жылы елімізде етті тұтыну жан басына шаққанда 80,1 келі болған. Биыл өнімді ең көп тұтынған өңір – Маңғыстау. Онда әрбір тұрғын 50 келіге жуық ет жеген. Жамбылдықтар мен Атырау өңірінің тұрғындары да ет жеуден қалысар емес. Ал Шымкент пен Түркістанның халқы өнімді ең аз тұтынатындардың қатарында. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар көбіне сиыр етін тұтынады. Бір адам орташа есеппен 12,7 келісін алған. Ал жылқы етінен 3 келі 600 грамм тұтынса, тауық етінен 2,6 келі және 2,5 қой етін жеген. Елде бір жылда еттің бағасы 2,9 пайызға өскен. Ал шұжық өнімдері 4,9 пайызға артқан. Сондай-ақ сұранысқа ие сиыр еті 2,5, жылқы еті 1,2 пайызға қымбаттаған. Аймақтар бойынша ең көп қымбаттаған Атырау облысы. Одан әрі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы тізімді жалғайды.