Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында кәмелет жасқа толмаған қызға ағайындылар жылдар бойы қорлық көрсетіп келген

Жамбыл облысында кәмелет жасына жетпеген қаршадай қызға ағайындылар жылдар бойы қорлық көрсетіп келген. Екі жігітітің бірі ұсталғанымен, екіншісі қашып жүрген болатын. Ол көп ұзамай ұсталды. Бұл жантүршігерлік жағдай елді дүр сілкіндірді. Жеткіншек қазір анасымен бірге әлеуметтік орталықта. Қорлық көрген сегізінші сынып оқушысы үйдегі жағдайды мектеп психологына айтуға тырысқан. Бірақ қорыққан. Жағаұстатар жағдайдың беті ашылған соң арнайы құрылған комиссия мектепте тексеріс жүргізуде. 

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Бірінші күдікті полиция қызметкерлерімен ізін суытпай ұсталған болатын.