Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ломбардқа өткізіп үлгерген“. Астанада хостел қызметкері клиентті тонап кеткен

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 262

Астанада клиентті тонап кеткен хостел қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтады. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкені қалдырып, ол уақытша кетіп қалған. Әйелдің жоқтығын пайдаланып, хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтынды ұрлап кеткен.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданының ПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды уақытша тұру орындарын таңдағанда мұқият болуды ескертеді. Қонақүйлер мен хостелде тоқтаған кезде қырағылық танытып, бағалы заттарды қолжетімді жерлерде қалдырмауды еске салады.