Русский Сайттың толық нұсқасы

«Күйеуім толықтығымнан ұялатын»: Әнші Зарина Омарова артық салмақтан арылуға не түрткі болғанын айтты

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2024
  • 294

Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында үйде отырып, 95 кг салмаққа қалай жеткенін білмей қалғанын және күйеуінің оны қасына ертуден ұялғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қалай салмақ қосып алғанымды білмей қалдым. Күнде үйдесің, таңертеңнен кешке дейін ас бөлмесінен шықпайсың. Балалар бар. Сондай бір кезең болды. Соны істеу керек болды. Бір күні қонаққа бардық. Мен дәумін. 95 келі. Сол жерде күйеуім маған қарады да, “Ана жаққа барып отыршы” деді. 20 минуттан соң жүргізуші шақырып, үйге бардым. Таң атқанша жыладым», — деді әнші.

Ол күйеуіне ренжімегенін, бұл жағдайға өзі кінәлі екенін жеткізді. Сонымен қатар күйеуі екеуі Зарина арықтаған жағдайда оған сахнаға шығуға рұқсат беретініне бәстескенін, осылайша алты айда 95-тен 60 килограмға арықтағанын айтты.