Өзбекстанда мектеп директоры сыныпта жарылғыш зат жарғаны үшін оқушыларды соққыға жыққан, деп хабарлады turkystan.kz.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мәліметінше, оқиға Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 мектепте болған.
Желіде директордың мектеп оқушыларына ұрысып, оларды ұрып жатқан видеосы тарап кетті.
Білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінен құрылған жұмыс тобы мән-жайды анықтап жатыр. Ресми бөлімдер зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын еске салды.