Русский Сайттың толық нұсқасы

Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2024
  • 248

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары релстен шығып кетті, деп хабарлайды Astana TV.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметінше, оқиға 3 қарашада болған.

«3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында «Шұбаркөл Көмір» АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», – делінген хабарламада.

Локомотив жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі. Аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы апат өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегенін мәлімдеді.