Қазан айында сауда-саттықтың жалпы көлемі 6,1 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі соңғы бір айда 222 млн АҚШ долларынан 278 млн АҚШ долларына дейін артты. Теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 488,23 теңгеге дейін 1,5%-ға әлсіреді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 1 340 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі- жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ы. Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 253 млн АҚШ долларға жетті.