Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық жаңа жеңіл көлік бір айда 35%-ға қымбаттады

Отандық жаңа жеңіл көліктердің де бағасы елімізде едәуір қымбаттады. Сатып алынған автокөліктердің орташа құны қазан айында 35%-ға өсті. Айлық динамика бойынша өсім 3,5 пайыз болды. Көлік құнының қымбаттауы неге әкеп соғуы мүмкін?Сарапшылар не дейді? Айбек Салдатбек айтады. 

Сарапшылардың айтуынша инфляция 8,5 процентке дейін шарықтады. Бағадағы үлкен өсім нарықтағы жалпы көліктерде емес, сатып алынған автокөліктерде байқалды. Көлік бағасы қалықтады деуден халық та жалықпады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Страховой полюс тоже влиять етіп жатыр. Ескі машина ол ескі машина, арзандату керек.
- Қарапайым халық үшін қымбат қой. Кредитке алып жатқандар бар мысалы ақшалары жетпей.
- Жаңа машиналар негізі қымбаттап барады, вообще қымбаттап барады, қолжетімсіз боп барады. Неғұрлым арзан болғаны дұрыс қой.

Бұл ақпаратты автосарапшылар да теріске шығарған жоқ. Қымбатшылықтың соңы отандық өнімді тұтынушылардың санының азаюына алып келуі мүмкін дейді.

ӘЛІШЕР АЯРБЕКОВ, АВТОСАРАПШЫ:

Ол көліктің мәселесін біз өзіміз түсіне алмай қойдық неге байланысты екенін. Мысалы шетелден келетін көліктер олар тіптен арзан біздің өзіміздегі жинаққа қарағанда. Біз өзіміз жинаймыз, соның өзінде шетелдің дайын көлігіне қарағанда біздің жиналмай тұрған көлік қымбатырақ боп шығып тұр ғой.

35,3 пайызға өсу елдегі көлік құнының қымбаттауымен ғана емес, тұтынушылардың сұранысынан да болуы мүмкін. Осы тұста импорттық автокөліктердің орташа бағасы бір жылда 2%-ға төмендесе, сатып алынған ескі көліктердің құны 5 процентке арзандаған.

БЕКНҰР ДОСЖАН, ЭКОНОМИСТ:

Бүкіл мына көліктердің бағасы жоғарылап кетті деп айтуға болмайды, мына, яғни қолданған көлік, яғни second hand, БУ көліктердің бағасы мысалы статистика бойынша 5 пайызға дейін төмендеген екен. Көліктің бағасы өзі қымбат сияқты басқа мемлекеттерге қарағанда. Сондықтан мемлекет көп әрекет жасау керек, бағасын түсіру керек. Өйткені халықтың мынадай қымбат көлікті сатып алуға жағдайы жоқ.

"Автомобиль құны қымбаттаса қоғамдық көліктердегі тариф бағасы өсіп кетпей ме?" деген сұрақ жаяу жүргендерді мазалайды. Көлік министрлігі олай болмайды деді.

ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ:

Көлік бағасының қымбаттауы қызметтік транспорттардың тарифтеріне, яғни, мәселен, поезд билеті құнына және әуе билеті құнына әсер етпейді. Баға бірқалыпты, билет құны өзгермейді. Поезд билеті тарифі бекітілді, сол тарифке сәйкес қала бермек.

Ескі көліктің шамасы жолда қалдырады. Жаңасының бағасы естен тандырады. Сонда елдегі көлік базасы қашан жаңғырады? Белгісіз.