Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған, - делінген хабарламада.
Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.