Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазған тұрғыны 5 мың теңгенің заты үшін 8 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2024
  • 203

Жезқазған қалалық сотында ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу туралы қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

«2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 18:02 шамасында Жезқазған қаласындағы пәтерінде болған кезде сотталушы Е. заңсыз сатып алған және сақтаған психотроптық затты заңсыз сатқан. Салмағы 0,015 грамм зат О. азаматқа 5 000 теңгеге сатылды, оған қатысты бүркеншік ат қолдануды қоса алғанда, қауіпсіздік шаралары қолданылды», - делінген Ұлытау облысы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ және оған жалған айып тағылғанын мәлімдеді. Ол ақтау үкімін талап етті. Алайда сотталушының кінәсі сотта ұсынылған және зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденді.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.