Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың 54,5 млрд теңге қарызы кешірілген

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2024
  • 130

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов қанша қазақстандық банкрот деп танылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізіліп жатыр. Кредиторлар тізіміне енгізілген қарыз сомасы – 8 млрд теңге. Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,9 млрд теңгеге жуық қарыз кешірілді», - дейді Ахметов.

Оның айтуынша, 1 азаматтың 10 млн теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде, 1 азамат бойынша 10 млн теңге сомасымен осы рәсім аяқталды.

«Жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылып, олар бойынша 54,5 млрд теңгеге жуық қарыз кешірілді. Айта кету керек, Заңда ұсынылған рәсімдер өзекті, бірақ бар кедергілерге байланысты жеке борышкерлер оларды қолдана алмайды», - деді ол.