Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында рұқсат құжаттарынсыз балық тиеген жүк көлігі ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2024
  • 327

Абай облысында рұқсат құжаттарынсыз балық тиеген жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Абай облысында жүргізілген "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Алматы – Өскемен автожолында 38 жастағы жүргізуші басқарған "SCANIA" жүк көлігін тоқтатты.

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысынан Өскемен қаласына балық ресурстарын тиісті рұқсат құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды.

Жүк бөлігін қарау барысында жалпы салмағы 7 340,3 килограммды құрайтын көксерке тұқымдас балық тиелген 408 қап және жалпы салмағы 959,7 килограммды құрайтын 47 қорап балық еті табылды.

Тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 8 тоннадан асты.

Аталған факті бойынша заңсыз балық ресурстарын алу және тасымалдау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.