Русский Сайттың толық нұсқасы

Психикалық денсаулық орталығының көмегіне жүгінетіндер көбейген

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2024
  • 135

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының көмегіне жүгінетіндер көбейген. Биыл мекеменің сенім телефонына 4,5 мыңға жуық қоңырау түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есімін жасыруды сұраған кейіпкер 13 жасынан психикалық орталықтың көмегіне жүгінеді. Мазасыздық мазалаған бойжеткенге мамандар «депрессиялық бұзылыс» диагнозын қойған. Науқастың айтуынша, туыстары алғашында оның әңгімесін елемеген.

"Бастапқыда біреу мені аңдып жүргендей қатты мазасыздықты сезінетінмін. Ауа жетпей, көзім жасаурай беретін. Бір жерге барып жасырынып қалғым келетін. Бірде үйге жаяу келе жатып қорыққаным соншалық, алды-артыма қарамай жүгірдім. Бірақ келген соң. өзімді нашар сезіндім", – деді науқас.

Мамандардың айтуынша, психологтардың көмегіне жүгінетіндердің көбі 17-45 жас аралығындағы тұрғындар. Соның ішінде жасөспірімдердің үлесі көп. Олады үрей мен күдік, бала кезінде алған психологиялық соққысы мазалайды және жалғыз қалып қоюдан қорқады. Күйзеліске түскен жасөспірімдер суицид жасаудың нақ алдында тұрғанда орталық психологтарына қоңырау шалады.

"11-қабаттың шатырында тұрмын" деп қазақ бала хабарласты. Ойынға кірген, қарызға батқан, ойынқұмарлық, шығатын жолы жоқ. Әке-шешесіне бірнеше рет барған. Әке-шешесі оған көмектескен. Тәуелділік – психолгиялық аурудың бір түрі", – деді психолог Мерует Шаихова.

"Өткен жылмен салыстырғанда балалардың арасындағы ата-аналарымен қарым-қатынасының бұзылуы, деструктивті жағдай 19 пайызға өсті. Бұл психологиялық көмекті қажет ететін адамдардың саны артқанын білдіреді", – деді психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев.

Өз-өзіне қол салу, тәуелділік пен күйзелістің алдын алу үшін психологтар қолдан келгенін аямайды, барынша көмектесуге тырысады. Себебі олар үшін адам жанының да, тәнінің де сау болғаны маңызды. Бүгінде психикалық орталықтың сенім телефонына еліміздің түкпір-түкпірінен күніне 30-ға жуық қоңырау түседі. Хабарласатындар бұл жерден анонимді түрде кеңес ала алады.