Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тағы сайлау нәтижесінен кейін Иран валютасы қатты құлдырап кетті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2024
  • 188

Оған бұрынғы президент Дональд Трамп АҚШ президенттігіне қайта кірісу ықтималдылығы туралы хабарлар әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстағы соғыстар әлі де жалғасып жатқандықтан, Трамптың жеңісі Тегеран үшін онсызда қиын өмірді одан әрі күрделендірмек.

Тегеран саудагерлері риалдың бір долларға шаққанда 703 000 риалға бағаланғанын хабарлады. Курс тәулік ішінде әлі де өзгеруі мүмкін. Иранның орталық банкі нарықты бұрынғыдай бағамды жақсартуға тырысып, қатты валюталармен толтыруы мүмкін.

АҚШ сайлауы туралы хабарлар Тегеран көшелеріндегі халықтың көңіл-күйін түсіргендей көрінді.

"Ол жүз пайыз санкцияларды күшейтеді. Бізге пайда алып келмейтін бар жаңалықтар өмірімізді одан әрі қиындатады. Экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымыз нашарлайтыны сөзсіз", - деді 22 жастағы студент Амир Агаян.