Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан төрінде «Батагөй қария» байқауы мәресіне жетті

Баталы ерге бақ қонар. Түркістан төрінде «батагөй қария» байқауы қорытындыланды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғасырлар бойы жинақталған мәдениетіміз бен құндылықтарымызды дәріптеу, тұрғындардың отансүйгіштік санасын қалыптастыру мақсатында ұлттық дәстүрден қол үзбеген өлке ретінде аймақтық партияластар арасында «Баталы елге бақ қонар» эстафетасын ұйымдастырған. Ерекше шара аудан- қалаларда «Батагөй қария» байқауына ұласты. Түйінді сайысқа жүзінен мейірімі, жүрегінен әділдігі төгіліп тұрған қазына кеуде қариялар жиналды. Өңірдегі 17 аудан, қаласынан келген ел ағалары ордалы ой айтып, ұтқыр байлам жасай білуімен байқаудың аймақтық деңгейдегі сайыстарының жеңімпазы болған. Байқау шарты бойынша қатысушылар екі кезеңдік тапсырмаларды орындады. Біріншісінде ақсақалдар «Ел бірлігі – Аманаттың мұраты» тақырыбы аясында елдің береке-бірлігін арттыру, ынтымақ-татулыққа шақыру бағытындағы ақ тілектерін білдірсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта тәлім-тәрбиелік мәні бар баталар топтамасының тиегін ағытты. 

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Байқаудың мақсаты негізі ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Өткен күнге үңіліп, бабалар дәстүрін жалғастыру. Әркезде елдің бір баталы қариясы болған елді аузына қаратып отыратын, соның батасыен ел көгерер деген мақсатта жастарды әдет-ғұрыпты сақтауға, бүкіл дәстүрлерді сақтай отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау, біріншіден.