Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық дарынды оқушы Санкт-Петербургте өтетін халықаралық музыкалық фестиваліне қатысады

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2017
  • 3083

Қызылордалық дарынды оқушы Айдана Оралбай Санкт-Петербургта өтетін есту қабілеті төмен балалар халықаралық музыкалық фестиваліне қатысады

Қызылордалық оқушы Айдана Оралбай Санкт-Петербург қаласында өтетін есту қабілеті төмен балалар халықаралық фестивалінде өнерін көрсететін болды. Бойжеткен арманы - осы беделді шараға қатысып, жұртты қазақша биімен таң қалдыру.

Өткен жылдың күзінде Қызылордадағы есту қабілеті төмен балаларға арналған № 6 мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы Санкт-Петербургтен шақырту алды. Десе де, жол-пұлына қажетті қаражат таппай қиналады. Немересінің талантын ұштағысы келген әжесі талай мекеменің табалдырығын тоздырады. "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына да барып, демеу білдіруді сұраған.

Гүлдарай Қожағалиева, Айдана Оралбайдың әжесі:

"Нұр Отан" партиясына барып, өтінішімді тастап кеткенмін. Біраз уақыттан кейін шақыртып алып, маған демеушілік жасаған азаматтардың берген қаржыларын, көмектерін табыс етті. Ол кісілерге үлкен рахмет айтамын отбасымнын атынан. Бұл бала өте өнерлі.

Мақсұт Баекеев, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Қазір ата-әжесі өте қуанышта болып отыр. Біздің Оралбай Айдана да Санкт-Петербургке фестивальге нәтижелі барып қайтады деген ойдамыз, жоғары орын алып. Жалпы мүмкіншілігі шектеулі жандарға әрқашанда қамқорлық жасау - партияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.