Алматы қаласында автокөлік пен мопед соқтығысып, салдарынан 26 жастағы қыз қайтыс болды. Тойота камри маркалы көлігі бұрылып жатып, қатты жылдамдықпен келе жатқан мопедпен соқтығысқан. Мопед тізгінінде 30 жастағы жігіт пен қасында бір жолаушы болған. Ауыр соққыдан жолаушы қыз көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен. Өкінішке қарай алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қазір жол көлік оқиғасының барлық мән жайларын полиция анықтауда.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш жол көлік оқиғасы бүгін 05:40-та Түрксіб ауданында орын алды. Адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды.