Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында кәмелетке толмаған қыз пеш жаққанда ыстан уланды

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2024
  • 142

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қарашада 17 жастағы жасөспірім қыз Павлодардағы ауруханаға түсіп, көміртегі тотығымен уланғаны анықталды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Атамекен ауылы тұрғынының айтуынша, үйдегі пешті жаққан кезде сәл түтін шыға бастаған. Ол ауа кірсін деп терезе ашып, колледжге оқуға кетіп, оқу орнында өзін нашар сезінген. Алдын ала болжау бойынша үйдегі пештің мұржасы тазаланбаған", - деп хабарлады департамент.

Жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде ыстан уланудың үш фактісі тіркелді, салдарынан олар көз жұмып, екі адам жарақат алды.