Русский Сайттың толық нұсқасы

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2024
  • 163

Жарақатына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Рыбакина WTA қорытынды турнирінің соңғы кездесуінде жеңіске жеткенімен жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.