Алматы облысы Қонаев қаласындағы №2 шағын ауданындағы тұрғын үйлерде жарылған құбыр жөнделді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қонаев қаласының әкімінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызы айтты.
Бүгін Қонаевта 2 шағын аудандағы 2,3,7-тұрғын үйлерге жылу беретін құбыр жарылды. Қазіргі таңда жылу желісіндегі басты жабдық ауыстырылды. 2 ш/а №4,5,6,6а,6б,37,38,35,36,34,33,32,31,29-тұрғын үйлерге жылу берілді. Ал жарылған құбырлар жөнделген соң, кешкі сағат 16.00-17.00 аралығында 2 шағынаудандағы 2,3,7 үйлерге жылу беріледі. Аталған мәселе қала әкімінің бақылауында. Жылу орталығындағы 2 бу, 1 су жылытқыш қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді Ақерке Жұмағазықызы.