Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қолдан нан жауып, ет сүрлеуді үйретемін": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын айтты

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2024
  • 225

Белгілі продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медиа менеджер үйдің тамағын сағынатынын айтты.

“Нұрекең үйді әбден сағынады-ау. Ерте бастан келіп алдық. Жолға шығатын болсақ, көз ілмейтін әдетіміз. Қанша жерден түрлі тағам жет жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой?! Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар тадқылауды ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, Нұртас Айдарбеков келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан еді.

"Баяғыда әкем мен анам айтушы еді "Балам, ата сыйласаң, алдыңа келеді" деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын", – деп жазған болатын жұлдызды әке.