Павлодарда қатты дауыл бір адамның өмірін қиды. 67 жастағы зейнеткердің үстіне ағаш құлап, мерт болды. Сұмдық оқиға Естай көшесіндегі үйлердің ауласында болған. Үйге қарай кетіп бара жатқан қарияны тамырымен опырылған ағаш басып қалған. Құтқарушылар дер кезінде жеткенмен, құтқарып қала алмады. Себебі, ағаш егде жастағы адамның кеуде тұсынан құлапты.
АСҚАР ҒАЗИЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Өкінішке орай, жәбірленушінің өмірге сыйыспайтын жарақаттар екі аяғының, кеудесінің жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарақаты, үшінші, төртінші жарақаттанудың салдарынан қайтыс болды.
Дүлей дауыл 15 нысанның шатырын жұлып кетті. Ал облыс орталығында қаланың бас сағатының тілін ұшырып әкеткен. Бұдан бөлек 28 ауыл жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал мектеп оқушылары сабақты қашықтықтан оқыды. Желдің орташа жылдамдығы 30 метр секундтан асты.