Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады. Ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы болған. Соңғы 9 айдан бері өтелмегендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды. Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады.