Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемнің 13 елінде кеңінен таралған «Codiplay» жүйесі Шымкентке де жетті

Әлемнің 13 елінде кеңінен таралған «Codiplay» мобильді қосымшасы Шымкентке де жетті. Елдегі үшінші мегаполисте алғаш болып дарынды балаларға арналған № 1 IT лицейінде қолданысқа енгізілді. Енді оқушылар өздерінің IT сауаттылығын жаңаша бағытта шыңдайды. Смартфондағы мобильді қосымшаның керек жарағын құрастыруға әп дегеннен кірісіп кеткен балалар көптеген тың дүниені құрастыратындарына сенімді. Балаларды смартфонда бағдарламалауға үйрететін, олардың IT-сауаттылығын арттыруға арналған инновациялық жобаның берері көп дейді мектеп басшылығы. CodiPlay — бүгінгі таңда шетелдің 300дей білім ошағында қолданылса, еліміздің Алматы мен Астана секілді ірі қалаларында 100ден аса мектептің бағдарламасына енгізілген. 

НҰРҒАЛИ ТҰРЫМБЕТОВ, «CODIPLAY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ GR ДИРЕКТОРЫ:

Қазір әлем цифрланып жатыр оны біліп жатырсыздар, көріп жатырсыздар күннен күнге. Кешегі мынау Илон Маск, Билл Гейтстер әлемге неше түрлі роботтарымен танылып жатыр. Енді біз де осы тұста қалыс қалып қоймауымыз керек. Ол әрнәрсе мектептен басталады. Осы тұста біз мектептерге, балаларға осындай құрал берсек осы бір мұғалімдердің және де балалардың IT сауаттылығын көрсетуде осы құралдар мен айтам болашақта біздің қазақтың да балаларындай әлем танытатын балалар шығады деген үлкен сеніміміз бар.