Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы жеке тұрғын үйде 2 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2024
  • 103

6 қарашада Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин ауылында жалпы аумағы 40 шаршы метр болатын тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Күйік шалып, иіс тиген үй иесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары құтқарды. Зардап шеккен азамат ауылдық ауруханаға жатқызылған.

«Тілсіз жау ашық от көзінен шыққан (сөндірілмеген темекі, сіріңке)», - деп түсіндірді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.